Пятница, 26.04.2024, 12:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Наш опрос
Қайси нашрни танлайсиз?
Всего ответов: 567
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » 2013 » Апрель » 24 » ЖАНУБНИНГ БОШ ГАЗЕТАСИ
21:06
ЖАНУБНИНГ БОШ ГАЗЕТАСИ
«Жанубий Қозоғистон» МКК
Тәуелсіздікпен құрдас басылым
 
Бастауын 1991 жылы 5 сәуірде облыс әкімдігінің органы ретінде жарыққа шыққан «Д ў стлик байроғи» («Достық туы») газетінен алатын мерзімді басылым осынау жылдар барысында халқымен бірге талай кезеңдерді бастан өткерді. Заман ағымына орай атауы өзгеріп отырған оңтүстіктегі өзбек оқырмандарының қасиетті басылымы -- «Жанубий Қозоғистон» газеті бүгінде Елбасының сара саясатын елге кеңінен түсіндіріп, халық пен билік арасын байластыратын алтын көпірге айналған. Сонымен қатар Облысымыздың «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» атты ресми басылымдарымен бір қатарда, 20 жыл бойы халық пен облыс әкімдігі арасында-да «алтын көпір» қызметін адал орындап, ел тәуелсіздігінің сыңары болған «Жанубий Қозоғистон» газеті өткен жылы өзінің 20 жылдық мерей тойын атап өтті. Демек, көзді ашып-жұмғанша жиырма жылда өтіп кетіпті. Негізінде, газеттің тарихы 1989 жылдан басталған. Өзбек зиялылары өкілдерінен құралған делегация сол кезде СОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысына хат пен шығып, тіпті, Мәскеуге де барып келген. Бастама Мәскеу тарапынан қолдау тауып, алғашқы нөміріміз «Д ў стлик байроғи» деген атпен шықты. Алғашқы кезденақ таралымы 2-3 мыңға жеткен газет келе-келе көп ұлтты Қазақстан халқының тұрмыс-тіршілігіне бағытталған саяси мәні зор газетке айналды. Бүгінде оны даладағы диқаннан бастап, мемлекет қайраткеріне дейін оқиды.
 
Газет өміріміздің барлық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар, қоғамдық құндылықтардың өркен жаюына үлес қосып келеді. Алғашқы «Д ў стлик байроғи»на оңтүстік қазақстандық өзбек журналистикасының негізін қалаушылардың бірі, ақиық ақын әрі аудармашы Сабыржан Юсуфалиев жетекшілік етті.
 
 
 
 
 
Соның басшылығымен талантты да тәжірибелі журналистермен баспа мамандарынан құралған ұжым қалыптасты. Хавазмат Қочқаров, Муратжан Абубакиров, Ирисали Жуманов, Шамырза Мадалиев, Ибрагим Хуккиев, Абдумалик Сарманов, Гуландан Эрова, Мұхтар Мухаммедов, Закиржан Моминжанов, Хайитмат Мухитдинов сынды аға буын журналистер осы Сабыржан Юсуфалиевтың шәкірттері еді.
 
«Д ў стлик байроғи» 1998 жылы 1 қаңтарда атын өзгертіп, облыс әкімдігі құрылтайшы болып табылатын «Жанубий Қозоғистон» қоғамдық-саяси газеті болып шыға бастады. Облыс өңірінде өтіп жатқан ең басты оқиғалар газет беттерінде үзбей жарық көріп келеді. Басылымда ҚРдағы өзбек журналистикасының ең үздік таланттары мен фотокорреспонденттері жұмыс істеді. Облыстың өңірлерінде меншікті тілшілер қызмет етуде. Түркістан және Кентау қалалары бойынша меншікті тілші Ш. Мадалиев, Сайрам және Түлкібас аудандары бойынша И. Хуккиев, Төлебий өңірінде Б. Дусматова, Қазығұрт және Сарыағаш өңірлерінде Б. Сабитов меншікті тілші. Редакцияда есепшілердің де орны бөлекше. Олар – Х. Арысланова, А. Бейсибаева.
 
Уақыт өте аға буын журналистердің қатарын тәжірибелі жас қаламгерлер толықтыра бастады. Иә, бүгін газет беттерінде М. Садуллаева, М. Усманова, Ш. Усманова, Н. Мавланова, Е. Мадалиев, Р. Рауфова, Х. Қочқаров сынды талантты қалам иелерінің қолтаңбасыда бар. Олардың барлығы ұжымда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыс істеуде. Журналистердің екеуі – Х. Қочқаров, Б. Сабитов -- Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшелері. Басқаларда ҚР Журналистер одағына мүше.
 
Өткен жиырма жылдық кезеңде «Жанубий Қозоғистон»ға бес редактор басшылық етті. Олар журналист, марқұм С. Юсуфалиев, ( он жылдан астам бас редакторлық лауазымында болды ) , Х. Қочқаров, А. Сарманов және Ф. Қаратаев.
 
Одан кейін сол азаматтар мен бірге газет жарыққа шыға бастағаннан бері жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметінде жүрген журналист Муратжан Абубакиров қазір ұжымды басқарып отыр. Орынбасарлары Ислам Абдинабиев, Икрам Хашимжанов. Осы кезеңде «Жанубий Қозоғистон» тәуелсіз Қазақстанмен қатар өсіп, мол тәжірибе жинақтады.
 
Газет ұжымыны ынтымағы жарасқан орта деуге әбден болады. Өйткені, журналистиканы, газетшілікті меңгерген түрлі сала мамандары жұмыс істейді. Олар -- әншілер, ақындар, құрылысшылар, сүретшілер... Жалпы, өңірімізде әншілер мен ақындардың, спортшылардың үлкен шоғыры бар десек, солардың көбісі өзбек редакциясымен тығыз байланыста болып, өз еңбектерін оқырмандарға танытуда. Бұған жоғарыда айтылған жас толқындардың да үлесі бар. Солардың көмегімен кітап шығарып, көрме ұйымдастыратын азаматтарымыз да жеткілікті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін «Қазақша-өзбекше сөздік» шығардық. Оның авторы Д,. Сайфуллаев. Елбасының дәстүрлі Жолдауыда өзбекшеге аударылып кітапша-брошюра ретінде шығарылуда. Ал, жыл сайын «Д ў стлик» республикалық қауымдастығымен, облыстық, аудандық өзбек этномәдени орталықтарымен бірлесіп өткізіп жүрген іс-шараларымыз бір бөлек. Сондықтан да, газет ұжымы ҚРның жиырма жылдық мерекесіне лайықты табыстармен келді деп айтуға болады.
 
Облыс оқырмандарына етене таныс – «Жанубий Қозоғистон» газетінің оқырмандары 12 мыңға жуық. Бүгінде оңір халқының 500 мыңға жуығын құрайтын өзбек халқының мәдениеті мен дәстүрін, тілі мен ділін, өнерін насихаттап отырған шығармашылық ортаның қоғамда алатын орны да ерекше. Көпұлтты Қазақстанның гүлденуіне, экономикасының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып келе жетқан бүгінгі тыныс-тіршілігі, жеткен жетістіктеріне көптеген мысалдар келтіруге болады. Газеттің «Адаби ёт ва санъат » , « Іидоят сари » , « Єонун ва іаёт » , « Кўнгил кўчалари » , « Мактабдош » , « Су ібатдош » , « Турмуш чорраіаларида » атты арнайы беттері ай сайын, кезекпе-кезек жарық көріп, оқырмандар көңілін қуантады.
 
Сонымен қатар «Ж а нубий Қозоғистон» жалауының астында облысқа, республикаға танымал қаншама дарындардың тусауы кесілді, мемлекет қайраткерлеріні, көптеген ақын-жазушыларды тулетіп ұшырған. Әдеби бірлестіктерде «Жанубий Қозоғистон»ның төңірегінде қалыптасты. Олар -- «Чашма», «Исфижоб», «Чимкент», «Сайрам», «Карвон», «Шамчироқ» т.б. Мемлекеттің, облыстың белгілі ақын-жазушыларыны атап айтар болсақ, олардың қатарында бүгінде облыстың мақтанышына айналған Эрназар Рузиметов, Хавазмат Қошқаров, Закиржан Моминжанов, Абдурахим Пратов, Соатой Камалова, Умриай Каримова, Ибрагим Хуккиев, Эркинай Султанова, Махида Юлдашева секілді өзге де ақын-жазушыларымыз бар.
 
Газет ақпарат құралы. Сонымен бірге тарих деп айтуға да әбден болады. Оны « Д ў стлик байроғи» мен «Жанубий Қозоғистон»ның сарғайған беттерін парақтағанда анық байқаймыз.
 
«Газет – халықтың көзі, тілі мен құлағы», деген ел ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың қағидасы өте тауып айтылған.
 
«Жанубий Қозоғистон» облыстық
 
қоғамдық-саяси газетінің
 
Директор-бас редакторы: Фахриддин КАРАТАЕВ.
Просмотров: 5639 | Добавил: кимсан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
0
1 valermthw   (10.12.2016 16:08) [Материал]
Very well written!
I’ll immediately clutch your rss feed as I can not to find your email subscription hyperlink or newsletter service.
Do you’ve any? Please let me know in order that I may just subscribe.

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Апрель 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Конструктор сайтов - uCoz