Вторник, 16.04.2024, 16:05
Приветствую Вас Гость | RSS
Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [79]
Наш опрос
Қайси нашрни танлайсиз?
Всего ответов: 567
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Главная » Статьи » Мои статьи

БИЗГА МАКТУБ ЙЎЛЛАБСИЗ
Болалар ҳуқуқбузувчиликка қарши

Бола бизнинг келажагимиз. Келажагимизнинг ёрқин ва порлоқ бўлиши ҳозирги ёшлар тарбиясига боғлиқ эканлиги ҳаммамизга сир эмас.
Синф хоналарида таълим олаётган ёшларимизга билим билан бир қаторда намунали тарбия бериб, уларни комил инсон сифатида вояга етишлари устозлар қавмига маъсулятли вазифа юклайди. Ҳозирги кундаги устозлар қавмининг мақсади ёшларни комил инсон сифатида тарбиялаб ҳаётга йўлланма беришдан иборат. Бу борада бажарилаётган ишлар самараси мактабларда фаолият юритаётган устоз ва тарбиячилар меҳнатларининг самарадорлигига боғлиқлиги ҳам сир эмас.
Қозиғурт тумани билим бўлими вилоят ҳокимлигининг 2012 йили 27 январ кунги буйруғи билан бектилган "Болалар ҳуқуқбузувчиликка” қарши мавзусида ўтказилаётган тадбирга Қозиғурт туманидаги барча мактаблар ҳам жалб этилди. Бу тадбирдан кўзда тутилган мақсад ёш ўспиринлар орасидаги ҳуқуқбузувчиликларни, қонунбузарликни бўлдирмаслик ва олдини олиш бўлиб топилади. Туроб Тўла номли мактабимиз жамоси хам бу акцияда иштирок этди. Мактаб директорининг тарбия ишлар бўйича ўринбосари Т.Турсунмурадов томонидан тузилган иш режа асосида тарбиявий ишлар амалга оширилди. 5–11 синфларда "Қылмыс неден туындайды”, "Қоғам менің көз қарасымен”, "Жарқын болашаққа сенемін”, "Бізге сеніңіз, сеніміңізді ақтаймыз” мавзусида тарбия соатлар ўтказилиб, унга ота–оналар, ўқитувчилар, педагог психологлар, тарбиячилар қатнаштирилди.
9 апрель куни ўзбек халқининг фарзанди, ғазал мулкининг султони А.Навоийнинг ва қозоқ халқининг шоири М.Мақатаевнинг туғилган куни муносабати билан "Аққулар ұйықтағанда ” саҳна кўриниши ва ғазалхонлик мусобақалари ўтказилди.
А.Навоийнинг 571 йиллиги ва М.Мақатаевнинг 81 йиллигига бағишлаб "Шеърият осмонидаги қўш юлдуз” номли адабий кеч ўтказилди.
Дінмухаммет Қонаевнинг 100 йиллигига бағишланиб "Ел үшін тұған азамат” мавзусида мактаб кутубхонасида кўргазма ташкил этилди. Тадбирларда ўқувчилар томонидан тушган турли саволларга жавоблар берилди.
XXI аср – билим асри, билим ва тарбия эгиз бўлганлиги сабабли ҳозирги замонга лойиқ, фикр ўйи ривожланган баркамол фуқаро бўлиб ривожланаётган, ҳар томонлама етук инсон бўлиб етишаётганини қувонч билан айта оламиз.
Қ.Қалботаев,
мактаб касаба уюшмаси раҳбари,
Т.Турсунмурадов,ДТЖО.
Қозиғурт тумани.
ДЎСТЛИК ОЙЛИГИНИНГ ҒОЛИБИ
Мирсоатова ова Хувайдо Тўла қизи 10-синф ўқувчиси. У ёш бўлишига қарамай мактаб ҳаётидаги тадбирларда фаол иштирок этади. Мактабдаги аълочи ўқувчиларнинг бири. Ёшлик чоғидан расм, адабиёт тўгарагига қатнашиб келмоқда. Ёзган шеър ва мақолалари маҳаллий рўзномаларда тез-тез чоп этилиб туради. Қозиғурт туманидаги ўзбек этно маданият маркази, Қозиғурт тумани ўқув бўлими ва Турбат қишлоқ ҳокимлги тарафидан биргаликда "Гулла, яшна – Қозоғистоним ” мавзусида ўтказилган Дўстлик ойлигида ҳам фаол қатнашиб, олий мукофот совриндори бўлди. Қизимизга оқ йўл тилаган ҳолда унинг ёзган мақоласини эътиборингизга ҳавола этмоқдамиз.
Гүлде өркенде – Қазақстаным

Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.

Отан деген не? Отан бұл – туған жер, жаныңа жақын адамдар тұратын, алысқа кетсең де бүйрегің бұрып тұратын өлке. Көзден кетсе де көңілден кетпейтін табиғаты мен ерекшеленетін, алғаш тәй-тәй аяқ басқаныңда аяғыңның астына төсеніш болған топырақ. Туған жердің әр бір жері, әр бір өскен ағашы қымбат. Отан әр бірімізге екінші ана сияқты. Отан өз анамыздай бізге қамқорлық көрсетеді. Егер бала жүріп келе жатып құлап қалса сүйеніш іздейді. Сол кезде оған анасы сүйеу болып, қайта тұруына көмектеседі. Ал ол бала өсіп оқуға түскенде, Отаны оған демеу болып, болашаққа сеніммен қарауға, аяғында нық тұруға үйретеді. Отан өз халқын тастап қоймайды. Елбасымыз да қарап қалмай еліміздің бұдан да өркендеп, биік шыңдардан көрінуі үшін жанын салып әрекет етуде.
Менің отаным – Қазақстан Республикасы. Мен осы жерде туып-өсіп, білім алып жатқаныма мақтанам. Отанын сүймейтін, қадірлемейтін адам болмаса керек. Халқымызда отан туралы көптеген мақалдар бар. Мысалы: «Отан – отбасынан басталады», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл», «Отан оттан да ыстық», «Отан үшін отқа түс» деген сияқты мақалдардың мәні тереңде жатыр.
Қазақстан республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіз ел екенін жария етті. Бұл күн әр жылы үлкен қуанышпен тойланады. Міне, бұл жылы тәуелсіздігімізге 20 жыл толады. «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деп аталуы бекер емес. Әр күнін айға, әр айын жылға бергісіз осы 20 жыл Қазақстан үшін жай ғана аз уақыт емес. Осы аз уақыт ішінде еліміз қиындықты да, жоқшылықты да басынан өткізіп, оларға қарсы тұра білді, үлкен сынақтардан өтіп, жетістіктерге жетті.
Қазақстанда 130 дан артық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді. Әр ұлт өз әдет-ғұрыптарын, мәдени мұраларын сақтаумен бірге өзге ұлт өкілдерінің де әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтейді. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Еліміздің тыныштығы, ұлтаралық татулық – бұл еліміздің бірлігі мен елбасымыздың сындарлы саясат алып баруында. Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Заң алдында барлық адам бірдей» деп жазылған. Ұлты, діні, әдет-ғұрпы қандай болмасын Қазақстанның әр бір азаматы осы жерде өмір сүруге және білім алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымызды осы елдің әр бір азаматы құрметтейді.
Қазақстан – ұлы дала, кең-байтақ ел. Бұл Отанның бірлігі мен татулығына қызықпаған ел бар ма екен? Қазақстанның тарихи өлкелері, бір-бірінен асқан сұлу қалалары бар. Мысалы: Елордамыз Астана қаласы, Алматы мен Шымкент және басқа да қалалар еліміздің көркіне сұлулық қосып тұр.
Мемлекетіміздің дүние жүзіне танылуына әр түрлі саяси экономикалық және діни конференциялар үлес қосты. Ең үлкен форум – 2010 жылы ЕҚЫҰ на жетекшілік ету мен бірге , осы ұйымның кезектегі саммиті біздің елімізде Астана қаласында өтуі болды. Бұл саммит екі күнге созылса да, осы екі күн ішінде әлем назарын жас Қазақстанға қаратты. Қазақстан бұл жылы Ислам конференциясына басшылық етеді. Қысқы Азиада ойындарының кезекті олимпиадасы Қазақстанда өткізіліп, еліміздің қатысушылары жүлделі орындарға ие болып, туымызды биікке көтерді.
Қазақстан бірлігі берік, күшті ел. Өткен 20 жылда экономикалық және саяси, мәдени өркендеу дәрежесі артты. Бұған «ITB Берлин» көрмесінде Қазақстанның үздіктердің үздігі атануы дәлел болады. Әр түрлі елдердің өкілдері Қазақстан туралы жақсы пікір білдірді. Көрмеге келушілер қазақ елінің қонақжай, ашық көңіл екендігін тамсана айтты. Қазақстанның «Үздіктердің үздігі» атануы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына үлкен сый болды. 20 жыл ішінде осындай жетістіктерге жетіп, әлемге танылуы Қазақстанның гүлдеп, қарыштап, дамып келе жатқанының дәлелі. Болашақта дамыған 50 елдің қатарына қосылуды жоспарлап отыр. Елбасымыз да әр жылы халыққа өз жолдауларын жолдап, әр саланың дамуына ерекше мән беріп жатыр. Әр түрлі жобалар ұйымдастырылып, оларға қаржы бөлініп, жүзеге асырылуда.
Өткен жылы «100 мектеп 100 аурухана» жобасы бойынша жаңадан ауруханалар мен мектептер салынып, халыққа тапсырылды. Одан басқа балабақшалар салынды.
«Жол картасы» бағдарламасы іске асырылып, жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етті. Жарамсыз жолдар қайта жөндеуден өтті.
Білім саласына да көп мән берілуде. Әр түрлі оқу орындары ашылып, жақсы мамандар сабақ беруде. Оқушылар жақсы білім алып, болашақта білікті маман болуы үшін барлық жағдай жасалған. Мен де осы елдің азаматы екеніме мақтанамын. Мен осы елде тұрып жатырмын және тегін орта білім аламын. Басқа елдерде оқушылар ақы төлеп оқиды, оқулықтарды сатып алады. Ал біздің елде оқулықтар тегін беріледі.
Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Еліміз де жас әрі білімді кадрларға үлкен үміт артуда. Осылайша жағдай жасалып отырғаннан кейін, біз, жастар да жақсы оқып, еліміздің тұғырын асқақтатуымыз керек. Еліміздің қадірін біліп, болашақта елге пайдасы тиетін азамат болу – біздің парызымыз. Сол үшін Отан алдындағы парызымызды сәтті орындауға, білімді азамат болуға әрекет етуіміз керек.
Біз болашақтан үлкен үміт күтеміз. Еліміздің гүлдеп өркендеуі өз қолымызда. Отанымызды көздің қарашығындай қорғап, анамыз сияқты ардақтап өтейік. Болашақ пен келешек біздің қолымызда. Алға қойған мақсатымыз оқу мен білімғана, сол арқылы елімізді гүлдетіп өркендете аламыз.

Гүлде өркенде – Қазақстан,
Әлем таныған ғажапстан.
Құшағың гүлге толсын,
Мерейің үстем болсын.

Хувайдо Мирсағат,
Тураб Тула атындағы жалпы орта мектептың
10-сынып оқушысы.
Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылы.


Категория: Мои статьи | Добавил: кимсан (19.02.2012)
Просмотров: 2595 | Комментарии: 2 | Теги: мактублар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Имя *:
Email:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Copyright MyCorp © 2024Конструктор сайтов - uCoz